Сен ойлайсың – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сен ойлайсың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Маған сенің белгісіздеу кешірмең,
Бола тұра ұмытпадым несін мен?
Кетер едім баяғыда-ақ ұмытып,
Сен шығармай жүріп алдың есіңнен…

Қимай сол бір пәк кездерді таза аппақ,
Сағыныштан үзілуге аз-ақ қап.
Бақыт құшқан сәттерімде несіне,
Жиі-жиі еске түстің азаптап?!

Сен ойлайсың.
Біледі тек ай мұны,
Күрсінесің жанға ұқсап қайғылы.
Айландырдың бір шеңбердің ішінде,
Айтшы мені босатасың қай күні?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері