Арман қыз – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Арман қыз» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 592
(ән сөзі)

Жаңа атқан таңдай едің,
Жүз болса маңдай едің.
Қасыңда қысылушы ем,
Сөз таппай қалмай ебім.

Арман қыз бұла мүсін,
Елжіреп тұрады ішім.
Өмірдің ызғарында,
Жаз силар жылы ағысым.

Түсім бе, өңім бе едің,
Көзіме көрінгенің.
Сап-салқын сөздер айтты,
Жібектей еріндерің.

Көзіме жас толғаны-ай,
Сөзіңнің рас болғаны-ай.
Кезіңді ұмыттың ба,
Сезімге мас болған-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері