Ұмытпаған – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Ұмытпаған» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 942
Таңғы тілек жалғасып кеш күбірге,
Назар салмай дүрмектің ешбіріне.
Бірер ауыз тіл қатып қалатындай,
Қарай берем қимылсыз кескініңе

Сияқтысың елімнің сен еркесі,
Маңдайынан сипаған кең өлкесі.
Босқа келіп бос қайтқан көліктердей,
Сан ұзарды қайыңның көлеңкесі.

Күте-күте есінен қыр адасты,
Неше мәрте ақша қар жылап ақты.
Сен келетін жағаға маржан шашқан,
Толқындар да ызадан тұра қашты.

Бір ақынның шыққандай жыр кешінен,
Сен деп толқу сияқты бір несібем.
Ұмытпаған өзіңді мен ғанамын,
Басқалары шығарды мүлде есінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері