Өлең, жыр, ақындар

Қаралы күн

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1089
(2012- жыл Шымкент маңындағы әуе апатынан 23 адам қаза тапты,қаза болғандар дерлік қазақ шегарасын күзеткен жасақтар мен басшылар)

Алатаудың ақ бас шыңы кетті бүгін қартайып,
Ұясынан шықпай күн де жатып алды жантайып.
Жердің шетін қорғайтұғын, желдің өтін тосатын,
Қорғанынан көз жазды ел тұратұғын қалқайып.

Ақ орданың оң қаптал жақ іргесінен кірді жел,
Құрыш білек батырларын үнсіз жоқтап тұрды бел.
Сұп-суық жел тыныш жатқан жұрттың ішін аралап,
Бейуақытта бір сұмдықтың болғандығын білгізер.

Күннің көзін бұлт байлады, көре алмассың аспанды,
Қаза дейтін дәу қара тас ел ішіне тасталды.
Ел мен жерді ер қорғайды, ерің өлсе кім қорғар,
Көк тудағы қыранымның жанарынан жас тамды!

Аптап пенен бұрқасындар.
Сан азапты өткердің.
Шегарада қалды іздерің белгісіндей өткеннің.
Ұшыруды білгенменен қондыруды білмейтін,
Аспан дейтін жарықтықты алғаш рет жек көрдім!

Құлағыма келед ана, бала дауысы жылаған,
Көз алдыма келед кілең босағалар құлаған.
Жерін қорғап мерт болғанды шаһит деді абыздар,
Ұрпағын ұлт ұмытпайды болса елім дін аман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен...

  • 0
  • 0

Сен сөзсің.
Жұрнағы кетіп, түбірі қалған.
Сен әнсің.
Әуені кетіп күбірі қалған.

Толық

Ей, жаңбыр

  • 0
  • 0

Көзімді жұмсам түс көре берем,
Алданып бұлдыр елеске.
Жаңбырдан соңғы даланың исі,
Салады неге сені еске?!

Толық

Өзің деп

  • 0
  • 0

Өзің деп бір әуенді бастап алдым,
Өзің деп жанарымды жасқа малдым.
Өзің деп жыр өрнегін тоқып жүріп,
Арманы боп кетіппін басқалардың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар