Неге аға жыладың – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Неге аға жыладың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Неге аға жыладың жылатты кім,
Тауды теңіз басқандай бұлақты құм.
Сырлы ыдыстан мезгілсіз төгілмейтін,
Қағып кетті оқыстан сынапты кім?

Таласты ма өзгелер дәніңізге?
Біреу қайғы қосты ма әніңізге?
Жартасына оқ тиген жаралы тау,
Қорған болып жүрмей ме әлі бізге!

Айтып, айтып дәтіңді ұқпағанда,
Жылап, жылап аларсың мықтағанда.
Қалдың ба екен құлазып сырласарға,
Айналаңнан бір пенде шықпағанда?!

Солай жалғыз отырып зеріктің бе?
Ұлар шудан жүруші ең жеріп мүлде.
Сары алтындай сабырды тастай салып,
Жеңіл желпі ашуға еліттің бе?!

Қас батырдай көш бастап ту алысқан,
Көрсем деп ем бейнеңді ұзап ұшқан.
Қасіреттің толғамды өзі артық,
Есі ауысқан есірік қуаныштан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері