Жоғалтып алсаң

Бұл бетте «Жоғалтып алсаң» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 593
Жоғалтып алсаң табылмай қаламын,
Көрінбес қайта сағымдай боламын.
Әйнек көңілді бір сызат алса,
Еркіңе сенің бағынбай қаламын.

Келмеймін мейлі жылдап күткейсің,
Қатқан шеменді тырнап бітпейсің.
Бұрынғы шақтай өзіңді ойлатып,
Бар уақытымды ұрлап бітпейсің.

Артыңнан қуып өкшелей алмаймын,
Сезімнен өрнек кестелей алмаймын.
Теңселсең дағы селт етпей қоям,
Жоқ нәрселерге өкпелей алмаймын.

Түбінде бәрі бола ма жалған?
Ойыңда күдік санада арман.
Өмірге теңіз лақтырсаң тастай,
Ойламан сені жағада қалған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалтып алсаң өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Жоғалтып алсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалтып алсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғалтып алсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері