Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Орман

Бұл бетте «Орман» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Жиілейді қара орман…
М.Жұмабаев

Суық һәм сүркейлі Шығыстың желі…
Ауыр бір ойларға шомған –
Мен мәңгі сүйемін сені,
Үн-түнсіз мүлгіген қап-қара орман.

Жататын жым-жылас жыныстар бүркеп,
Онда да аюлы шатқал бар –
Шытырман жолы.
Мен өскен тауларға жарасар бұл тек,
Білемін, ешкім де сезген жоқ оны.
Анамның ағарған шашындай селдір,
Менің де қиялым ағарды, жаным:

Іленің суындай тап-таза, мөлдір,
Тауындай тым асқақ тағы –
Сол орман туралы пікір жоқ оңды,
Себебі, ешкім де болған жоқ ұғып.
Дәл өзі сияқты
қиялға шомсаң бір болды,
ойыңа жап-жасыл бояуы қалады жұғып.

Төбеңде жүреді Ай балқып… толысып…
Тек соған бастайды
бейуаққы белгісіз жолдар.
Мен сені сүйемін сол үшін,
үн-түнсіз мүлгіген қап-қара орман…

…Болады енді кім қорған?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орман өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Орман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орман өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері