Жігеріме жанып сезім шақпағын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жігеріме жанып сезім шақпағын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Жігеріме жанып сезім шақпағын,
Өмірімнің қарсы алып кеш ақ таңын,
Ауыспалы жүрмін бастан өткізіп
Қырық бестің ақпаны мен аптабын...
Тигендей-ақ тағдырдың бір оғы ұшып
Өзімменен өзім жүрмін соғысып.
Көкірегіме қысым жасап жатқандай
Африка мен Антарктида тоғысып...
Мен көктемде бәйшешек боп туыппын,
Сол себептен жылылыққа жуықпын.
Жүрісінен жүрек тоқтай жаздайды,
Ортасында ыстық пенен суықтың.
Өзімменен өзім жүрмін тартысып,
Қырық бестің биігіне қар түсіп.
Ақыл-ойдың ақпаны тұр жетпеген,
Арманымның, аптабымен шарпысып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері