Өлең, жыр, ақындар

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 911
Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі,
Кешке жетпей жіңішкеріп, жанған үміт өшеді.
Түні бойы дауыл ұрған теңіздегі толқындай
Сықырлайды тыншу таппай сағыныштың төсегі...
Жүріп жатыр тіршіліктің айналып өз есебі,
Есебінен жаңылмас тек күншілдердің өсегі.
Етегінен тартып кері, қарға адым жер жүргізбей,
Баз біреудің біреулерге тиіп жатыр кеселі...
Әркімнің бар дауысына лайықты өз әні,
Қалауынша қайырып бір, құйқылжытып созады.
Ортасында жер-аспанның буы шығып бұрқылдап,
Ортаймастан тіршіліктің қайнап жатыр қазаны...
Кешегі таң, кешегі күн қайталанып өтер көп,
Келген өмір басыма бұл несіменен өтелмек?
Бір-бірінен қалай асып, қалай оған жетем деп
Дүниеқорлар безілдейді бірін екі етем деп...
Өтер уақыт, өзгереді, өмірде бұл жоқ тұрақ,
Шуақшыл боп бара жатыр көңіл деген көп құрақ.
Оята алмай толқын ару өксіп-жылап жатқандай,
Ұйқыдағы жатқан алып жартасты бір соққылап...
Кешегі жыр, кешегі ән, бәрі-бәрі кешегі,
Құлағымда ызыңдайды кешегінің өсегі.
Дірілдейді саусақтарым алатындай түсіріп
Сағыныштың сәулесіндей жұлдыз толы кесені...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреу тойған...

  • 0
  • 0

Біреу тойған...
көз алды сағымданып,
Біреу әрең жүреді жанын бағып.
Ойда жоқта жер ана сілкініп, бір

Толық

Өңімде ойлап, түсімде көрем

  • 0
  • 0

Өңімде ойлап, түсімде көрем,
Еңсемді басып қорғасындай жыр.
Өзіңе деген ішімді өртеген,
Өмір ме екен, шөл басылмай жүр.

Толық

Көрген түстей неге бәрі тез өтті

  • 0
  • 0

Көрген түстей неге бәрі тез өтті,
Өкінішім өртейді енді өзекті.
Жолыққанда, жылтыр-жеңіл сөзге емес,
Көзімізге берейікші кезекті...

Толық

Қарап көріңіз