Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 788
Ұлы өмірдің сарқылмас мәңгі өлеңі,
Талпындырған құштар ғып алға мені.
Тіршіліктің сәулелі туын ұстап,
Тау басынан алаулап таң келеді.
Сиреп көктен жұлдыздай дала шамы,
Сайгүліктей арманым таң асады.
Ұйқысынан оянып бар дүние,
Жүрегіне жарықтың таласады.
Таңғы әлемнің басталып бала шағы,
Қауыздарын қызғалдақ сәл ашады.
Қара жерге кешегі түскен дәннің,
Өнер, өнбес, белгісіз болашағы...
Ғашықтық кез, жастықтың дара шағы,
Не кисең де, бойыңа жарасады.
Түні бойы сырласып, үйді-үйіне
Таң атқанда жұлдыздар тарасады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері