Шаңырақтың иесі

Бұл бетте «Шаңырақтың иесі» атты Қуат Адис жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1180
Әкесіне миятты ұл,
Көп нәрсені үйренген.
«Өскенде әкем сияқты
әке болам», – дейді Ерден.

Ұқсайды өзі түрі де,
Әкесі сәл кәрі, шын.
Қайталайды күніге,
Әкесінің әр ісін.

Әкесі де Ерденге,
Үлкен үміт артады.
Жұмысынан келгенде,
Әңгімеге тартады:

«Ата-анаңның ақылын,
Болашағым деп ұғын.
Жанымнан да жақыным,
Ізбасарым – сен, ұлым!

Бер бүгіннен серт енді,
Сөздің болар киесі.
Сен дейді оған ертеңгі,
Шаңырақтың иесі».

Ізденетін әрдайым,
Сүйсіндірер талабы.
Иіскейді маңдайын,
Арқасынан қағады.

Баласынбай, сүйіне
Өзіменен тең көрген.
Қонақ келсе үйіне,
Қарсы алады енді Ерден.

Емес оған олақ тым,
Жөнін, жолын біледі.
Ізетпенен қонақтың
Сырт киімін іледі.

Сүйсінесің ісіне,
Керек оны үлгі етпек.
Үйге келген кісіге,
Төрді ұсынар құрметтеп.

Алғыс пенен бата алған,
Ісінің жоқ қатесі.
Жолаушылап сапардан,
Оралғанда әкесі

Алақайлап жүгірмей,
Маң-маң басып барады.
– Әке, сендей болдым, – деп,
Маңғаздана қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаңырақтың иесі өлеңінің авторы кім?

Қуат Адис — осы өлеңнің авторы.

Шаңырақтың иесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаңырақтың иесі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Шаңырақтың иесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері