Тіл – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Тіл» атты Алма Түсіпбекова жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Үзілген соң мәңгі жыр,
Төмен түсті бақ елі.
Тіл алмайды жалғыз ұл,
Жер қылады әкені.

Қайтеді оның батасын,
Қаймықтырмас ер үні.
Тілдеп алды атасын,
Кесапаттау келіні.

Өрлікті өмір сойыпты,
Көгере ме енді оңып?
Тілін жұтып қойыпты,
Қайын ене... жер болып.

Балаушы едім шыңды арға,
Көп арманға кенеле.
Айтқаныңды тыңдар ма,
Тілазарлау немере?

Ұлағатты ұғар кім?
Денем кетті түршігіп.
Тілін тағы шығарды,
Тоңмойынды тіршілік.

Сен - өзіме тең құрбым,
Сенен келмес сыр бүккім.
Тілін таппай мен жүрмін,
Тоқсан толғау тірліктің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері