Тамылжып әнші құстар таңсәріден – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тамылжып әнші құстар таңсәріден» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 810
Тамылжып әнші құстар таңсәріден,
Қауышып аяулы бір аңсарымен.
Бұл ғалам жасаң тартып бара жатыр
Құлпырып көз алдымда барша кілем.
Тіршілік ажырамай сый – салтынан,
Аңқылдап ақ жаңбырдың исі аңқыған.
Тізіліп ақ отаудың ірге тұсы,
Күмбірлеп домбырадан күй шалқыған.
Әдемі нұр таратып бақтағы арай,
Ақша бұлт қалқиды алыс жаққа қарай.
Ақ қайың шыр айналып би биледі,
Сыбдырлап жапырағы топ қарағай.
Табиғат інжу – маржан ілдім деген,
Тәуба деп қайталадым бұл күнге мен.
Арманды жетелейді алға қарай,
Бұлаңдап көзді тартқан бұлғын белең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері