Жырын, хакім Абайдың – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Жырын, хакім Абайдың» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Әр адамы – бір құдай,
Қала осы ма?
Құрғыр-ай!
Бабын таппай бәрінің,
Күн кешемін жындыдай.
Кететіндей қашып іс,
Бәрі асығыс...
Асығыс.
Алып-ұшып келіп ем,
Тапты көңіл басылыс.
Білмейтін ел өреңді,
Қайтсін, мендік өлеңді.
Байқамайды биікті,
Байқамайды тереңді.
Жұтты әлемнің жарты әнін,
Қаладағы салт-ағым.
Басты орында тұрады,
Қалыңдығы – қалтаның.
Қайда екен деп ар-айдын,
Айналама қараймын.
Жатқа оқиын көшеде,
Жырын, хакім Абайдың:
«Қалың елім, қазағым...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері