Міністірдің монологы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 498
Оу, ағасы!..

Маған неге сансыз айып тағасың?
Бар бәлені бетіме әкеп жағасың.
... Елім үшін егілемін, езілем,
Кім біледі, еңбегімнің бағасын?

Менен басқа қалмаған ба ісіңіз?
Сабыр, сабыр!
Сабаңызға түсіңіз!
Осы мені аңдымасаң бірер күн,
Ауыра ма, ішіңіз?!

Мен жаралған жан шығармын «азапқа»,
Әр ісімді айналдырма мазаққа.
Шетел ассам – еріккеннен жүргем жоқ,
Жайлы қоныс іздеп жүрмін қазаққа!

Көне қоймас жанымдағы дерт емге,
Мен еліткен жан емеспін селтеңге.
Ақша жесем – еріккеннен жегем жоқ,
Қазақ үшін сақтап қоям ертеңге!

Қайран елім!
Қандай ғана сүйікті ең,
Мен өзіңді қашан көрем биіктен?
Шарап ішсем – еріккеннен ішкем жоқ,
Ішкенім рас – қазақ үшін күйіктен!

Мен дегенде дайын екен керісің,
Келісейік!
Сәтті болсын келісім!
... Бүгін тағы түн қатамын ұйқысыз,
Сенің қамың!
Бәрі-бәрі сен үшін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Міністірдің монологы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Міністірдің монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Міністірдің монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Міністірдің монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері