Отызыңда жырмен орда бұзбасаң – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Отызыңда жырмен орда бұзбасаң» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1286
Отызыңда жырмен орда бұзбасаң,
Отызыңда от боп маздап, қызбасаң,
Қайта жану қиын болар бір сөнсең,
Қайта еру қиын болар мұздасаң.
Елуінде екпіндейді ер ақын,
Еңіс, төмен түсірмейді ел атын.
Оның жаны қалың орман, бау-бақша,
Әр бұтаға әнші құстар қонатын.
Нағыз ақын алпысында алдырмас,
Желе шауып жетпісінде шалдырмас.
Сексенінде секем алып, сыр бермес,
Тоқсанында топта қамшы салдырмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері