Жүректің бас ұрғандай әміріне – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Жүректің бас ұрғандай әміріне» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Жүректің бас ұрғандай әміріне,
Ғашықпын табынғандай тәңіріге.
Зуылдап бара жатыр өмір шіркін,
Тоқтамай дегеніңе «әне-міне».
Қойдың да мені өзіңе ғашық қылып,
Қол жетпес арманыма асықтырып.
Тағатсыз бір тірлікке душар еттің,
Көңілімнің күмбезіне басып кіріп.
Жүрген жан мен емеспін сағым қуып,
Адамдық қасиетіңе табындырып.
Жүректі ақылыңмен байлап-матап,
Барасың бірте-бірте бағындырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүректің бас ұрғандай әміріне өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Жүректің бас ұрғандай әміріне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүректің бас ұрғандай әміріне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүректің бас ұрғандай әміріне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері