Класс жиыны
(Фельетон)
Жиыны боп кластың,
Сабақтан соң қалғанбыз.
«Екiсi» көп Тұраштың,
Мəселесiн салғанбыз.
Алдыменен класком
Суырылып сөйлеген:
– «Екiсi» көп,
Рас қой,
Кертартпа бұл не деген?!
Бiздiң бүкiл класты
Осы артқа тартатын.
Қайтсек екен
Тұрашты?
Болжамайтын алды-артын?
Айтудан еш кенде емес,
Қақсаудан еш кенде емес,
Қатарыңа теңелмес,
Қайдан шыққан кеңкелес?!
Бiрi айтты жекiрiп:
Көзiн шұқып отырып:
– Алатыны «екiлiк», –
Көп ойнайды секiрiп.
Баланың бұл мылқауы,
Аузын ашқан аңқауы.
Айтатын көп сылтауы,
Шектен шыққан жалқауы.
Үшiншi айтты:
– Мұның мен
Бiлем терiс iстерiн.
Көрдiм
Əркiм үйiнен
«Наурыз көже» iшкенiн.
Оңбайтынын задында
Сол кезде-ақ бiлгенмiн.
Пионер деген атына
Кiр келтiрiп жүргенiн...
Бiреу:
– Көже iшкенде
Тұрған не бар? – деп едi,
Үстiнен жай түскендей,
Босқа таяқ жегенi.
– Ескiлiктiң құрбанын
Пионерден... қуған жөн.
Қара, айтып тұрғанын!..
Шыдамаймын бұған мен.
Жайына қап Тұрашың,
Бəрi айтысып қалысты.
Жиынында кластың
Талай жерге барысты.
Тұраш бүгiн орнында
Естiп жатты сөз қатты.
Жиналыстың соңында
Тоқ етерiн өзi айтты:
– Күнде «бес» ап қайталық,
Бiлгiш болса бар халық,
Сонда қара жұмысты
Кiм iстейдi, айталық?!
Келгенiнше əлiмiз,
Оқып жүрмiз бəрiмiз.
Жиналысқа сал, салма,
Осы ендi барымыз!..
– Айтқаныңды ұқпайды,
Қараңдаршы сүдiнiн.
Бұдан түк те шықпайды,
Менiң айтар күдiгiм.
Қалды бəрi тосылып,
Қамданысты қайтуға.
Ұйғарысты осыны
Əкесiне айтуға.
Бəрi өстiп келiсiп,
Өре тұрған күйiнде.
Жол-жөнекей керiсiп,
Жеттi Тұраш үйiне.
Ауласының iшiнде
Ағытулы қарғысы.
Нəн төбет жүр,
Түсiнен
Қорыққандай əр кiсi.
Ұмтылды ол абалап,
Секiрiп тiк шарбаққа.
Тұра қашты балалар
Сасқанынан жан-жаққа.
Ал, Тұраш мəз, күлкiден
Жарылуға аз-ақ қап.
Жылмыңдайды түлкiдей:
– Кел, кел, кел! – деп, мазақтап.
Шықты əкесi далаға
Будақтатып шылымын,
Сəлемдесiп балалар
Жайын айтты ұлының.
Мiнеп жатыр Тұрашты,
Осылай да осылай.
Керi тартып класты,
Қатарға жүр қосылмай.
Нашар жəне тəртiбi,
Отырады алақтап.
98
Кешiгедi əр күнi,
Зейiнi жоқ сабаққа...
Əкесi оның ауылда
Бақуатты тұратын.
Сөз баласы жайында
Жоқ жанын еш қинайтын.
Əкесi айтты бiлгенiн:
– Жалғыз өскен қалқам ғой,
Оның бүйтiп жүргенi,
Мына менiң арқам ғой...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі