Лотерея билетi – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Лотерея билетi» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 918
Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.
– Болса көлiк өзiңде,
Ұзармай ма қолың бiр.
Осы ұтыстың кезiнде
Болса екен жолым бiр! –
Өстiп өзi үмiт қып
Шалықтаған күйiнде,
Асып-тасып күпiнiп,
Отырды ол үйiнде.
Мамасы айтты:
– Көкесi,
Неге қызды шекең? – деп, –
Болмасты айтып кетесiң,
Кiлем ұтсаң жетер, – деп.
Жiгiт болған баласы
Килiктi осы тұста кеп.
Айтты өз ойын таласып:
– Мотоцикл ұтса, – деп.
Мына менiң өзiм-ақ
Айдап оны жүретiн...
Келiп тұрған кезiм-ақ
Мотоцикл мiнетiн...
Ұтыс ұтып алардай
Лотерея билетi.
Əркiмнiң-ақ қалардай
Орындалып ниетi.
Кенже ұлы қалмайтын
Қапталдасып ондайда,
Айтты өзiнiң арманын:
– Сағыз ұтса, болмай ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лотерея билетi өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Лотерея билетi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лотерея билетi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лотерея билетi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері