Сылқ-сылқ күлді кексе өмір – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Сылқ-сылқ күлді кексе өмір» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2710
Сылқ-сылқ күлді кексе өмір дәл тұсынан
Өтіп едім үйінің бір кеште мен.
Бақыт нан ба, беретін жартысынан,
Кетпегендей тамсандым Күнге ештеңем.
Келемежді сәл ерте білсем етті.
Жұрт кетті деп келіп ем қиял қуа.
Тілдескім бар Тәңірмен бір себепті,
Жұлдыз сырын жинадым жиі алдыма
...Қалай ғана ұмыттым, жолым ба оңды?
Көлеңкемен есі жоқ кектеспедім.
Өле берді армандар, қорым болды.
Сенімімді ақтағай серттескенім!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері