Жауын жуса жүрегімді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жауын жуса жүрегімді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1007
Ала бұлттан аспаным ашылғанда,
Мына әлемге алтын нұр шашылғанда,
Асқарыма алтын нұр асылғанда
Асыл арман ешкімге бас ұрған ба!
Көктемімді көздеймін жолға қарап,
Жүйрік пенен мінсем деп жорға қалап.
Менің күнім күркірер кез болар ма,
Жауқазынын жота мен жонға қадап.
Жай отына жанып ап жігерімді,
Жалынға сап жүруші ем жиі өзімді,
Найзағайым тағы да найза сілтеп,
Қуанышым төгілер көл-көсір боп,
Құрбым мені әкетер көлге сүйреп,
Пәк күлкіден шашамын меруерт-моншақ,
Қабақ шыта ешбір жан көрмесін деп.
Бұрымына қыздардың гүл өрейін,
Жігіттердің жанын жыр егейін.
Алабұртқан әкелші аспаныңды,
Нөсерлетіп, селдетіп жіберейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері