Күнге қарай ұшыңдар

Бұл бетте «Күнге қарай ұшыңдар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.09.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Үшеуің иесі боп үш кеменің,
Үш жаққа тартасыңдар, үш бөбегім.
Қайсысың қай қиырда жүресіңдер –
Көз жетпес ұшығына ештеңенің.
Үшеуің үш бағытқа кетесіңдер,
Тау кезіп,
Теңіз кешіп өтесіңдер.
Мақсатқа бәрің бірдей ұмтылғанмен,
Бірің кеш, бірің ерте жетесіңдер.
Шалдығып шаршауменен жетесіңдер,
Жете алмас жете алмаса –
Жетесіздер.
Шетіңнен қиындықтың көкесін көр,
Демеңдер: «Барар жолдың төтесін бер!»
Бұралаң өмір-соқпақ кедір-бұдыр,
Ешкімге берілмеген жеңіл ғұмыр.
Тәтті арман – заңғардағы бір жақпар тас,
Мүмкін ол тереңдегі шөгінді бір.
Үміттің орта жолда жүгі ауырлар,
Тастамай теңін өрге шығарыңдар.
Адасып қап жүрмеңдер тек әйтеуір,
Қияда
Шындық деген бір ауыл бар.
Қалыңдар сол ауылдың тұрғыны боп,
Жақсыға қуғыны жоқ,
Сүргіні жоқ.
Жастыққа әлім құрып жантайғанда,
Көшіріп аларсыңдар бір күні кеп.
Ұшыңдар күнге қарай, жарықтарым!
Жұмбақ қой қайсың қанша шарықтарың.
Болыңдар мейлің жерде,
Мейлің көкте,
Арт жақта ұмытпаңдар халық барын!..

1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнге қарай ұшыңдар өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Күнге қарай ұшыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнге қарай ұшыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнге қарай ұшыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері