Жылдар өтті – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жылдар өтті» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1499
Жылдар өтті нәзік сәуле іздеумен,
Күле қарап, ызғар шашқан жүздерден.
Мұз таулардың қойнауындай сіресіп,
Қалды менің қырау шалған мұз­кеудем.
Маған ғана тұрғандай­ақ күн қызбай,
Қалтырайды бақшамдағы гүл мұздай.
Кірпігіме қатып калды байланып,
Мұз тамшылар кіп­кішкентай жұлдыздай.
Шақырғандай борандатқан өлімді,
Ойым онға, санам санға бөлінді.
Бір сұлуды өліп­өшіп сүйіп ем,
Оның да ерні мұздай суық көрінді.
Кешір, мені құрсаулаған мұз­әлем,
Өмір сүрсем саған деген ызамен.
Ең болмаса жүрегімді суытпа,
Бауырыңа жеткен кезде біз әрең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері