Өлең, жыр, ақындар

Ой, Алла!

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1177
Сенейін бе, сенбейін бе, ой, Алла?!
Сұмдық көрдім, түсімде емес, ояуда.
Мысық біткен жолбарысқа айналып,
Арыстан боп ақырады қоян да.
Айналыпты борсық, суыр – аюға,
Шортан – китке, шабақ балық – жайынға.
Арқырайды шегірткенің айғыры,
Ырық бермей қырға жылқы жаюға.
Пілге айналып күркірейді доңыз да,
Доңызбын деп дөңкиеді қоңыз да.
Шыбын­шіркей көкте құспен таласып,
Арқау болды таңғажайып аңызға.
Күжілдеген шығады айғай әр тұстан,
Дырду­думан өңкей дию тартысқан.
Жер тарпиды тайбуырыл – тасбақа,
Түксиеді түйе балуан – көртышқан.
Балпаң басып қарға жүрді жораға,
Күзетшіге қыран қалды қорада.
Ақсұңқар боп ала қанат сауысқан,
Хайуанаттар қаласында төраға.
Қайда апарып соғады екен, әй, мынау?
Ой ұшына жіп таға алмай қойдым­ау!
Бақылдаған лақ теке өкіріп,
Бұқа болып шыға келді мойны дәу.
Ешкім бабын таппаған соң оңдырып,
Айдалада тұлпар қалды болдырып.
Есек мініп аңға шықты маймылдар,
Қолдарына бір­бір тауық қондырып.
Мақұлықтар кенеледі күлкіге,
Мұрагердей жаратқанның мүлкіне.
Келмей жатып саршұнаққа шамасы,
Дәмелері қасқыр менен түлкіде.
Қайтсем бүйі боламын деп бит қызып,
Кенелерді жатыр отқа үйткізіп.
Айдаһарды жылан жұтып жоқ қылды,
Арыстанның бас сүйегін ит мүжіп.
Сенейін бе, сенбейін бе, ой, Алла?!
Сұмдық көрдім, түсімде емес, ояуда.
Көргенімді қаз­қалпында түсірдім,
Мұрша келмей мың құбылтып бояуға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызығасың құстарға

  • 0
  • 0

Табанымның астында дірілдейді жар басы,
Опырылып түсердей шетін бассаң болмашы.
Тірлік торын тоқыған, қолы шебер Тәңірім,
Жібін созып жылдардың, сәл-пәл ғана жалғашы.

Толық

Дегелең

  • 0
  • 0

Қарайып сонадайда тұр Дегелең...
– Ойпыр­ай, сұмдық еді бұл не деген?
Қасына аяқ басып бара алмайсың,
Жеріңді осы емес пе түрмелеген?

Толық

Таудағы түнгі сурет

  • 0
  • 0

Әдейі қолмен әкеп қойғандайын,
Шыңға кеп сүйей қалса ай маңдайын,
Жамырап шыға келер қарсы беттен
Ақ нұрға алақанын жайған қайың.

Толық

Қарап көріңіз