Өлең, жыр, ақындар

Қара тастан ұн тартып

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Өлеңімнің жолын жапты, дөңбек тастап әлдекім,
Тоған бұзар тасқын сөзім бұлқынады ал менің.
Тағдырымның кіріптар ғып қойғанын­ай тақысқа,
Тақуадай тұқырайған астындағы сәлденің.
Мен санасам саусағымды, ол бақайын санайды,
Маймақ аю секілденіп май табанын жалайды.
Қарсы алдында тұрған жанды ту сыртынан көргендей,
Тоңқаң қағып екі бұттың арасынан қарайды.
Сасық мансап қоңсығына танауы әбден үйренген,
Иіскемесе ауырады күл­қоқысты қи көмген.
Инабаттың ізі түгіл, көлеңкесі түспеген,
Оның беті бүлк етпейді, менің жүзім күйгенмен.
Ауыздағы адалдығы еріндегі ұшықтай,
Жымырайған кейпі жаман ін аңдыған мысықтай.
Итке өкпелеп, жыртық тонды битке тастап қайтемін,
Есім барда жөн табайын, иегімді қышытпай.
Қараңғы аспан көкірегін оятпаса нұр жағып,
Қан сорпа боп керегі не, қызыл сөзді құр бағып?
Гуілдеген жел тұрмай­ақ, асау толқын ұрмай­ақ,
Зәнталақтың диірмені айналады зыр қағып.
Қашан көрсең отырғаны қара тастан тартып ұн,
Қалдырмас­ау бұл түрімен дүниенің тамтығын.
Сөндірердей самаланы шайқап­шайқап қояды,
Шыр айналған көбелектей күңгірт тартқан шам түбін.
Соқыр тауық көреді елді дән орнына шашып құм,
Өз аузынан айырмайды балды басын қасықтың.
Жем жатқан жер жемтіксіз де болған емес ешқашан,
Қу құлқынның құрығынан құтылады қашып кім?
Топты торғай топырлайды қайда қызыл қырман көп,
Ойламайды бейшаралар қылдан тұзақ құрған деп.
Ей, көңілім, не қыласың болмашыға құрбан боп,
Қызығарлық күн астында Күнікей қыз тұрған жоқ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәйтерек

  • 0
  • 54

Түбiне тiршiлiктiң тағдыр ие,
Тәңiрдiң ғұзырында бар дүние.
Қызыл тiл қара тасты балқытады,
Келгенде қылқобыздай зар күйiне.

Толық

Кәмей ұшқан

  • 0
  • 0

Айналып жылда келіп жаз қонағы –
Айдынға аққу ұшып, қаз қонады.
Мекеден қажы атасы оралғандай,
Әйтеуір Кәмей байғұс мәз болады.

Толық

Шағала

  • 0
  • 0

Шағала, аппақ шағала,
Кездестік тағы жағада.
Былтырғы жаздан белгі жоқ,
Сәулесі ғана санада.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар