Арифметика

Бұл бетте «Арифметика» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 814
Екі қол еді — бір-бірімен алысты,
екі жүйке бір-бірін жеп тауысты.
Қос табақша,
екі қасық... сән ұшты
қосылғанда үшінші бір шанышқы.
Үшіншінің аруағы асып тұр.
Қос шыңды бұлт баса-баса жасытты.
Ырысы ма сол үшінші қасықтың —
екі қасық бір-біріне у шашыпты.
Екі ғашық — екі қабақ тырысып,
бірі кетті өсек қуып, бірі ішіп,
Батыр жырым, осы айқастан тірі шық,
сенің дағы берекетің жүр ұшып.
Ұсақ тірлік, ей, құрышы, құрышы,
аяқ-табақ аралаған жыр ісі...
Бәрі екеуден кеп жатса ғой дұрысы,
төртеу болсын тек бөлменің бұрышы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арифметика өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Арифметика өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арифметика өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арифметика өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері