Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсін сен де тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иерлік мәңгілік!
(С)Еркебұлан Серімханұлы
(01.09.2018 жылы жазылды) #архив


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның! өлеңінің авторы кім?

Еркебұлан Серімханұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Еркебұлан Серімханұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Басқа да жазбалар