Білсең, досым – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Білсең, досым» атты Айтқали Нәріков‎ жазған достық туралы өлең берілген.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2828
Мейлі, тағдыр салып қалсын маңдайдан,
Мойымаймын, көмейімнен тамбайды ән.
Тұрмағанмен жер тiтipeп, оқ борап,
Өмір деген білсең, досым, қан майдан...
Әлдекім ішке есебін бүгіп aп,
Жүргенім жоқ қу қарғыстың жүгін aп.
Ел алдында абыройсыз болғанша,
Өлген артық көрге кіріп бүгін-ақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері