Жырла, көктем! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жырла, көктем!» атты Несіпбек Айтұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 980
Дариға-ай, қайран көңіл жоқты іздейді,
Сағымды қуғанменен жеткізбейді.
Жастықтың өзенінен бір өткен соң,
Қайтадан кері қарай өткізбейді.

Қайырмасы:
Өмір-ай, бірде салқын, бірде жалын,
Көңіл-ай, бірде толы, бірде жарым.
Сезбесе, жан сырыңды түсінбесе,
Айтасың арманыңды кімге, жаным, кімге, жаным?

Гүлдер-ай, күз келгенде мұңға бөккен,
Күндерге өкпелейсің зулап өткен.
Жүрегін адамдардың аясаңшы,
Мәңгілік тоқтамастан жырла, өктем.

Қайырмасы.

Шіркін­ай, аққан бұлақ сарқылмаса,
Айдын көл, асау теңіз тартылмаса.
Ауыспай асыл көктем ешқашанда,
Көзімде найзағайы жарқылдаса.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері