Өлең, жыр, ақындар

Алматым менің

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1421
Аңсап келіп кім өзіңе бауыр баспаған,
Сендей қала бұл әлемнен табылмас маған.
Құшағыңда арманымен табысқан жастар,
Сенде тұңғыш махаббаттың әнін бастаған.

Қайырмасы:
Сен – сәулетім менің,
Сен – дәулетім менің,
Сен – жер бетіндегі жәннатым,
Ей, аяулы менің Алматым!

Көрген адам келбетіңе таңдай қағысқан,
Көшелермен қатарласып орман жарысқан.
Сағынышын ұлдарыңның арқалауменен,
Саған қарай самолеттер самғайды алыстан.

Қайырмасы.

Астанасың, жас қаласың арманға құмар,
Сенде менің маңдайымның жанған бағы бар.
Мұңаямын көңіліме көлеңке түсіп,
Арайланған аспаныңды шалғанда мұнар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Клара жеңгейге арналған жыр

  • 0
  • 0

Жігіттің адал болса асыл жары –
Бақыты маңдайының ашылғаны.
Мінеки, елу жылға жуықтады,
Жарқырап екі жақсы қосылғалы.

Толық

Шерлі Науаи, өзің жар бол

  • 0
  • 0

Әр нәрсенің болмысына бір құдірет себепкер,
Асыл сөздің әулиесі, сен де маған медет бер!
Қысылғанда жалбарынып, аруағыңды шақырдым,
Сен болмасаң, көні кепкен қу медиен тақырмын.

Толық

Іздемеске бола ма?

  • 0
  • 0

Сағынамыз жыл өткен сайын біздер,
Толқын жуып, қаншама шайылды іздер.
Бұл күндері Семейге келген адам,
Ең алдымен елеңдеп Қайымды іздер.

Толық