Аягөз – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Аягөз» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2210
Ғашықтар аңызы тербеді,
Арманнан мендегі
Алыстап кете алмай.
Арулар – аққулар шөлдеді,
Аягөз, сендегі
Махаббат көліне жете алмай.
Мүмкін бе махаббат өлмегі,
Жүректі кернеді,
Өксігі басылмай.
Болған көп тағдырдың ермегі,
Аягөз, сендегі
Қозы мен Баяндай қосылмай.
Тәңірдің қолында бермегі,
Періште пендегі
Пейіштің нұрындай.
Кім менің дертімді емдеді,
Аягөз, сендегі
Мәңгілік махаббат жырындай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері