Өлең, жыр, ақындар

Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 2207
Кім келіп, кім кетпеген өмірге бұл,
Өмірде кір шалмасын көңіл көгін.
Кептіріп гүлге тамған көз жасымды,
Алдымнан ессін жібек коңыр желім.
Алдымнан ессін жібек қоңыр желім,
Жаңғырған жылдарменен жолым менің.
Отымды жандыруға, туған елім,
Жүректің жыр ұшқынын сен үрледің.
Бақытым, бар байлығым – елім менің,
(Елімнен өлгенім ғой бөлінгенім).
Жеткізіп сырға толы өмір демін,
Ессін, дос, қоңыр кеште қоңыр желім.
Қоңыр кеш, қоңыр ырғақ, жырым жасыл,
Көңілдің қойнауынан сыр ұрласын.
Гүлдердің гүлдерге айтып ғашықтығын,
Қоңыр жел құлағыма сыбырласын.
Гүлдермен оянайын, көз ілейін,
Көз ілсем, аяулыммен кезігейін.
Мап-майда қоңыр желді анашымның
Сипаған саусағындай сезінейін...
Ұлы анам — туған Отан, елім менің,
Көтеріп тұрған биік көңіл көгін.
Тоқтамай қарсы алдымнан ес, есе бер,
Қуалап қоңыр белді, қоңыр желім.
Жалғассын мәңгілікке жолым менің,
Кім келіп кім кетпеген өмірге бұл.
Көңілден көңілдерге көктем тасып,
Өмірге оралып соқ, қоңыр желім,
Алдымнан оралып соқ қоңыр желім!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат күні

  • 0
  • 0

Бүгінгіге аңыз болар кешегі,
Өмір заңы, өшіп, біреу өседі.
Бір кездерде жер мен аспан арасы
Тас қараңғы болған екен деседі.

Толық

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп

  • 0
  • 0

Сол бір сәттен құпия сыр түйдім көп,
Болмас маған будан артық сый-құрмет.
– Айналайын амансың ба? – деп бірде,
Аға, менің маңдайымнан сүйдің кеп.

Толық

Сұрамайды қолын жайып ақын бақ

  • 0
  • 0

Сұрамайды қолын жайып ақын бақ,
Тағдыр оны желкелейді тақымдап.
Батпағына аунап жатып бақа да,
Ұшқан құсты қызғанады бақылдап...

Толық