Өлең, жыр, ақындар

Қалай ғана сен мені бақытты еттің

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Қалай ғана сен мені бақытты еттің,
Бақытымнан айныдым, татып көп күн.
Жанып тұрған көгімнен бір жұлдыз ең,
Бір жұлдыз ең, көп тұрмай батып кеттің...
Қалай ғана мен сені сүйіп қалдым,
(Ерімейтін қары ма ең биік таудың?)
Өз алдыңда айналып ойсыз жанға,
Ал оңаша мұңайдым, тұйықталдым...
Тұйықталдым, бұл күнім азап екен,
Қайтсем сенің алдыңда таза өтем.
Оңашада жазалап өзімді-өзім,
Түстен кейін «Бұл не?» – деп мазақ етем.
Қалай ғана күн кешем армандамай,
Сүймей жүрсем, атады таңдар қалай?
Балапандай талпынған «байғұс» жүрек,
Бетің қайтып, тағы да алданбағай...
Қайда, тағы қайда ұштың, қыран шабыт,
Екпініңмен өтпей бір сүрен салып.
Ойда жоқта сол адам асау аттай
Көңіліме қойғандай жүген салып...
Бақытты еттің, келмейді бақыт тепкім,
Көрінгенге келмейді сатып кеткім.
Ауыстырып «жұртыңды», жұлдызым-ау,
Көңіліме көгіңнен батып кеттің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұрғиса

  • 0
  • 0

Құстар қайтып барады, көлге сән берер,
“Аққу күйі” - өлмейтұғын мәңгі өнер.
Сыңғыр-сұлу жарық дүние ішке еніп,
Күннен өрген ән салғандай сәулелер.

Толық

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін

  • 0
  • 0

Көңілім қалған көп жаннан, көп сенбеймін,
Өзіңдегі өмірді көксердеймін.
Жер бетінен аспанға бу боп ұшып,
Жер бетіне су болып жетсем деймін.

Толық

Отаным

  • 0
  • 0

Айқай сап осынау ғаламға,
Өзім боп өзіңе қол жайғам.
Өзің боп тіл қатып анам да,
Өзің боп сипаған маңдайдан.

Толық