Ойламасам мен сені тұншығамын – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ойламасам мен сені тұншығамын» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 688
Ойламасам мен сені тұншығамын,
Тартып келем тағдырдың мың сынағын.
Толқыныңның бетіне нұр жүгіртіп,
Тереңіне бір батып, бір шығамын.
Тіршіліктің тәлкегі тағдырға ауып,
Өткен күндер – өкініш, алдым – қауіп.
Сағынышты сәт кешем, жүрегіңнен
Жүрегіме шуақты жаңбыр жауып.
Жылу алып сендегі бір шуақтан,
Толқын күйін көрсек-ау ыршып аққан.
Көзіңдегі көгеріп көктеміңмен,
Балапандап қайың-қыз бүршік атқан.
Елесіңмен сен мені бақытты еттің,
Қозғаласың бергендей уақытқа екпін.
Сенің теңіз толқынды құшағыңа
Жұлдыз болып жанып бір батып кеттім.
Кәріліктен берген жоқ уақыт хабар,
Жетердеймін сен барда бақытқа бар.
Күнім болып егер сен ерітпесең,
Көкірегіме көз жасым қатып қалар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері