Өлең, жыр, ақындар

Жол үстіндегі бейтанысқа

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 490
Көздерінің тереңіне сыр бүгіп,
Мүлт кетпейтін мергендігін білдіріп.
Жайғасып ап автобустың ішінде,
Әңгіме айтып отыр қызға бір жігіт.
Мақтанады, өзі болып, өзімен,
Ажал исі аңқып кетті сөзінен.
Айтып отыр, қуырдақ қып жегенін,
Атып алып құралайды көзінен.
Жауыздыққа бола ма әлде тіл кедей,
Жанымдағы аң ба, адам ба, кім демей.
Секем алып, селт етпестен, бір жас қыз,
Тыдаған боп, бас изейді үндемей.
Әр сөзіне жүз суынып, мың күйіп,
Көздеріне тыңдағанның мұң құйып.
Сол жігіттің сезбей ме, екен жүрегі,
Қарсы алдында отырғанын бір киік.
Басыма ойлар келіп, кетті не түрлі,
Ызалы күй, ұрып тұрды бетімді.
Ажылдаған автобустың дауысы,
«Жан пида» деп айғай салған секілді.
Ұялғаннан, ұқсап қызыл алмаға,
Қоштасып қыз, «сау бол – деді,- енді аға».
Көз алдыма елестеді сол бір сәт,
Құлан-киік құлап жатқан кең дала.
Жолдар, жолдар өріледі, тарайды,
(Олжаменен өлшейтұғын әр айды)
Киік түгіл, қуырдақ қып сол жігіт,
Дүниені жеп қоярдай қарайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жер

  • 0
  • 0

Тұншығып кеттім, туған жер,
Желіңді бетке тос, кәні.
Желдей бір ескен жылдармен,
Аласармасын аспаным!

Толық

Соғады жүрек!

  • 0
  • 0

Соғады жүрек!
Сенде де, жаным, менде де
Дүрсілдеп мынау кеудеде.
Күнімді бір сәт қарата көрме деймін мен,

Толық

Шопанға

  • 0
  • 0

Шаңырақтай көрінген мынау аспан,
Шертеді шопан жайлы мұра-дастан.
Тұлғаңнан көрем анық хас батырды,
Қабағынан мұз еріп, қырау басқан.

Толық

Басқа да жазбалар