Біреу тойған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Біреу тойған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Біреу тойған...
көз алды сағымданып,
Біреу әрең жүреді жанын бағып.
Ойда жоқта жер ана сілкініп, бір
Үстіндегі алғандай шаңын қағып.
Біреуді олай,
біреуді көріп бұлай,
(Қайдан мүйіз шығарса, ерікті бай)
Жер, тәубасын ұмытқан пендесіне –
Кеткендей бір «ескерту» беріп Құдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері