Тулама жүрек, қойшы енді – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тулама жүрек, қойшы енді» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1019
Тулама жүрек, қойшы енді,
Аңсама биік самғауды.
Май шамдай бықсып, ой сөнді,
Үмітім менің алданды.
Толмайды жырдың парағы,
Отырар жай жоқ, ой бағып.
Өмірім зулап барады,
Естелік, елеске айналып.
Серпе алмай күдік тұманын,
Бір жығылып, бір тұрам.
Шоқ, таба алмай, жыладым,
Жастықтың көшкен жұртынан.
Тағдырым салған салмаққа,
Майыспай, төздім, жақ ашпай.
Сыңсимын желмен, жан-жаққа,
Жапырағы ұшқан ағаштай.
Болжаймын, нені уайымдап,
Не берсең, құдай, бер тегін.
Қандай сыбаға дайындап,
Келесің тағы ертеңім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері