Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек,
Тіл қатпаймын, естімес кереңге кеп.
Көре алмаған өңімде жақсылықты
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Керегі жоқ жағдайдың маған бөлек,
Қолтығымнан жүргендей анам демеп.
Таба аламаған өңімнен бақыт құсын,
Көп ұйықтадым түсімнен табам ба деп.
Көнереді, тіршілік жаңарады,
Сүйген жүрек, жан беріп, жан алады.
Көңілімнің кем-кетік жыртықтарын,
Қара жердің топырағы жамар әлі…
Жан-жүрегім сияқты менен бөлек,
Тербеткендей бесікке өлең бөлеп.
Балалығым сайраған туған жерді,
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Жалған дүние, не керек, жалған сабыр,
Ғұмырыма ғұмырлық жалғанса жыр.
Оянбайтын шығармын, Жарық күнім –
Осы ұйқыдан оятып алғанша бір...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері