Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп,
Таңғы шықтай көңілменен шын сенген.
Сүйе тұрып, сүймес ем ғой ертерек,
Опасыз жан екеніңді білсем мен.
Дерт жүректі жазады енді кім емдеп,
Өрт шалғандай, өзегімнен күрсінсем.
Кек алғандай көздеріңнен «білем» - деп,
Ту сыртымнан шеге қағып тұрсың сен.
Ботадаймын... жанарыңның жайы ұрған,
Теңселемін, тайғандай-ақ тірегім.
Кеше ғана жапырақтай жайылған,
Солып қапты мені сүйген жүрегің.
Елпілдемей, ерініп тіл қатасыз,
Көздеріңе көз салдым ғой бекер кеп.
Ойлай берем... сені өмір, опасыз,
Опасыз ғып жіберді ме екен деп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері