Өлең, жыр, ақындар

Арман, арман!

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1030
Арман, арман!
қалғытпа, алға асықтыр,
Қанатымды қағайын таңға ашып бір.
Онтоғызыншы наурыздың жыр жаңбыры,
Жиырмасыншы наурызға жалғасып тұр...
Өмір солай, қырлан бір, қыр асырсын,
Иек сүйеп тауларға Күн асылсын.
Жұлдызымның көз жасы жауып көктен,
Шалғын билеп, деп тұр ғой, гүл ашылсын.
Мұңлы жаңбыр... жауып тұр, тоқтамасын,
Тоқтамайды дыбыстар көкте адасқан.
Жер-ананың жайқалып күлуі үшін,
Жұбана алмай, жылап тұр, көкте, аспан.
Дүние түгел, тыңдасам, әнші бәрі,
Төгіледі тағы да таң шуағы.
Жуып-шайып барады жердің бетін,
Жаңа жылғы - жаңбырдың тамшылары.
Арман, арман! сыйлашы жанға жалын,
Тіршіліктің көрсетпе енді азабын.
Наурыз көже беруге, жаңбыр жауып –
Толтыра алма жатқандай Жер, қазанын...

20/III – 2001 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шопанға

  • 0
  • 0

Шаңырақтай көрінген мынау аспан,
Шертеді шопан жайлы мұра-дастан.
Тұлғаңнан көрем анық хас батырды,
Қабағынан мұз еріп, қырау басқан.

Толық

Ана туралы баллада

  • 0
  • 0

Ана жүрек айналса ұлы тұлғаға,
Ана ішінде болар кейде түрлі ана.
Екі абысын тату өмір сүріпті,
Ортасында болған екен бір бала...

Толық

Біреуге болса жан қайғы

  • 0
  • 0

Біреуге болса жан қайғы,
біреуге болар мал қайғы,
Мың құбылған түлкі өмір,
көзді тартып алдайды.

Толық