Қара жартас, қазыналы сандыққа тең – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қара жартас, қазыналы сандыққа тең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 901
Қара жартас, қазыналы сандыққа тең,
Сандығына қарайды аңдып, “бөтен”.
Теңізде өткен өмірді елестетіп,
Ауық-ауық түс көріп қалғып кетем.
Елегізем... білмеймін қайда асығам,
Қайда барып ажалдан айла асырам?
Қара жердің бетінде не боп жатыр,
Бәрін көрдім ақ аспан айнасынан.
Шақырса да, бармаймын жол ертемен,
Байлап қойды басымды “өлең көген”.
Өміріңді оқимын, көңіліңді
Ай бетіне түскен бір көлеңкеден...
Мойын бұрып соңына тоқтамаған,
Ботасы боп уақыттың ноқталаған.
Дүбірлеген дірілді сезім-ойға,
Көкірегім болғандай көкпар , алаң,
Суға салып, өзімді оттан алам.
Басты бәрін “теңгеақша” қызыл көбік,
Көбік көмсе, кетеді ізің кеміп.
Ұялады... түбінде жердің беті –
Аспан атты айнадан жүзін көріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері