Өлең, жыр, ақындар

Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен,
Жап-жасыл бояу, сіңісіп қалған көзге әбден.
Кеудесін таудың иіткен бала бұлақтар
Барады сырлы толқынын өріп саздармен.
Жүйесін жердің қозғаумен.
Ақ қайыңдар жапырағы жасыл, сырғалы,
Жамырап шығар көктемгі құспен бірге әні.
Толғағы жетіп жер менен көктің дәулетке –
Толысып бүгін төгілейін дер тұр бәрі,
Арман мен үміт қырманы...
Көк белден өтіп, жеттің бе, бұйра қоңыр жел,
Дарытып мынау көлеңкелі көңілге ем.
Сезімнің гүлін оятып қардан есе бер,
Сезімнің жолы талмасын сапар шегуден,
Аужайыңа төңкерілсін өмір бел...
Құстарым шулап, мекенін жылы іздеген,
Қимастық әнін салғандай үміт үз, деген.
Жаз дәуреннің шуақты аспан астынан,
Қараймын тоңып, жақындаған күзге мен.
Үмітін көңіл жағадан жасыл үзбеген.
Құстарым шулап барады, соңғы сазды өріп,
Сарала бояу алғандай енді жаз көрік.
Аққудың әнін қайталап жұрттың көңлінде,
Қалсам ба деп ем жаз болып.
Жаз дәуреннің тұрғаны-ай маған аз келіп.
Көктеммен кеп ең, кетесің бе енді жаз дәурен,
Тербетіп қырды қиыспас ыстық саздармен.
Орамал бұлғап аспаным қалды ақ бұлттан,
Сағым белім, жанымның желін қозғаумен,
Басымнан асып барасың ба ұзап, жаз дәурен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалай ғана сен мені бақытты еттің

  • 0
  • 0

Қалай ғана сен мені бақытты еттің,
Бақытымнан айныдым, татып көп күн.
Жанып тұрған көгімнен бір жұлдыз ең,
Бір жұлдыз ең, көп тұрмай батып кеттің...

Толық

Домбыра шанақ жер деген

  • 0
  • 0

Домбыра шанақ жер деген,
Өрлеген, сазды пернеден.
Биікке қонып бұлбұл құс,
Әнімен көңіл тербеген...

Толық

Ақбоз атпен ойқастап

  • 0
  • 0

Ақбоз атпен ойқастап
Күншығыстан таң атты!
Шұғыласын семсер ғып
Түн пиғылды жайратты!

Толық