Сенсіз – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Сенсіз» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2797
Құйса да жаңбыр «шелектеп»,
Тұрмадым оны елеп көп.
Уәделі жерге мен «байғұс»,
Келемін тағы дедектеп.
Бәлденіп жатар күш бар ма?
Алқынып жүрек, ұшты алға.
Қияннан күтіп ал дейсің,
Сынауға жаның құштар ма?
Өзіңе дәйім бөлем де ой,
Назыңа барлық көнем ғой.
Бұлданып үйде жатар ем,
Бір минут сенсіз - өлем сол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері