Өлең, жыр, ақындар

Уақытты оздырып...

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2486
Өз күшіме сенер-сенбес боп жүріп,
Алыппын ғой уақытты оздырып.
Жырларым да ұсақталып барады,
Отбасы мен ошақ қасын сөз қылып.
Асқақ, асқақ арман қайда кешегі,
Ойлар қайда бір-бірінен көшелі?
Тұлпар көңілім, тұғыр болып қалдың ба,
Қу тірліктің келтірем деп есебін.
Бір сұрақтан, бір сұрағын тосты күн,
Бәрі есімде, ұмытқам жоқ ешбірін.
Дірілдеймін Уақыттың алдында,
Мұндай жайды өз басынан кешті кім?.
Батыр үшін құн сұрайтын ұландай,
Жалаң қылыш жазалаушым тұр алда.
Осы ой мені жегідей жеп жүр қазір,
Ертелі-кеш уысынан шығармай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ой ұшқыны

  • 0
  • 0

Жанға жинап дүниенің жарығын,
Жас кезімде лапылдады жалыным.
Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,
Көп жүрекке ашпа болып дарыдым.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Дастанның жазылмаған жалғасындай,
Күндерім кетіп жатыр алға асып жай.
Артық жүк болмасам деп армандаймын,
Осынау өмір-көштің арбасында-ай.

Толық

Жыр келмесе...

  • 0
  • 0

Бір жұмбақ ой мазалап неше күннен,
Шаршап жүрмін, соны әсте шеше білмей.
Қаламымды қолыма ұстатқызды,
Жеті түнде жұлып aп төсегімнен.

Толық