Өлең, жыр, ақындар

Ұшқан ұям

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2999
Тасқала ауданындағы Оян орта мектебінің қырық жылдығына арнаймын

Орыны бар маған артар өкпенің,
Көптен бері келмеппін ғой, мектебім!
Бірақ бейнең көз алдымда тұрады,
Білім нәрін алып, сенен көктедім.
Ашып едің болашаққа жолымды,
Сен таныттың оңым менен солымды.
Тек өзіңнің арқаңда деп түсінем,
Іс тындырсам бұл жасымда толымды.
Қазір шәкірт - ұл-қыздарым жас талап,
Өсіп едік біз сендерден басқарақ.
Жай-күйіміз келмей жиі жүрсе де,
Білім десе болдық керім ашқарақ.
Әке көрмей, арқаладық күйікті,
Ауыр жүкке тостық ерте иықты.
Қиял құсын қияндарға ұшырып,
Армандадық Алатаудай биікті.
Деп өзімді айта алмаймын алғырмын,
Өмір-жолда қанатты көп талдырдым.
Бір кісідей көріп келем маңдайша,
Жазғандарын тиесілі тағдырдың.
Оза шауып, алған жоқпын жүлдені,
Киген жоқпын үлдені мен бүлдені.
Мен өзімше өмір сүріп келемін,
Біреуден кем, ал біреуден ілгері.
Бірде жылап, енді бірде шат күліп,
Татқандарым ащылық пен тәттілік.
Бесігінде тербелгеннің бәріне,
Мектебімнің ойлайтыны жақсылық!
Ей, жас буын, білімді бол әманда,
Еру үшін мына қилы заманға...
Ой-санада болып жатыр төңкеріс,
Қырық жылда жаңарады қазан да.
Келіп тұрмыз қырық жылдай жол жүріп,
Кейбіріміз қалғандаймыз болдырып...
Кластастар кемпір болды, шал болды,
Қызды ұзатып, ұлды ұяға қондырып.
Бізді әлі шаршатады жол үсті,
Толық өтеп болған жоқпыз борышты.
Өле-өлгенше тер төгеміз ұрпақтың
Өмірлері болу үшін өрісті.
Ұшқан ұям, аруақ тұтар киелім,
Сағындым ғой, босағаңнан сүйемін.
Бізді оқытқан ұстаздарға бағыштап,
Бурыл тартқан басымды мен иемін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі көңіл

  • 0
  • 0

Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма,
Тағы бір күздің келіп қалғаны ма?
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр,
Ұқсап қырдық жүйрік каңбағына.

Толық

Ұмыттырар...

  • 0
  • 0

Төгеді Күн шуағын мырзасынып,
Жатады жұпар ауа қырға сіңіп.
Жармасқан жер үстіне кәрі қысты,
Беткейге бара жатыр жылға ысырып.

Толық

Ниетінен табады

  • 0
  • 0

Азаматың болса елде көшелі,
Қиналғанда, жол табады деседі.
Ақылдының айтқанымен жүрсек біз,
Сонда ғана өркеніміз өседі.

Толық

Қарап көріңіз