Түн құшағында мүлгіген елес – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Түн құшағында мүлгіген елес» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 689
Түн құшағында мүлгіген елес,
Қараша гүліндей солған.
Бірақ ол мен сүйген махаббат емес,
Қиялын кеңістік сорған...
Бұлдырар бұлыңғыр әйнек...
Көкірегі күбірге толы.
Самал жел ұшырған ләйлек
Секілді ол сермейді қолын.
Көзінен көлеңке тамар...–
Уақыттың күп-күрең табы.
Алаулап жұлдыздар ағар,
Отқа орап мезгілдің бағын...
Түн құшағында мүлгіген елес,–
Өрмекші тоқыған тордай.
Бірақ ол мен сүйген махаббат емес,
Мен сүйген махаббат болған...
...Тек оны біледі
Кеңістік қойнауына құлаған жолдар!

2008 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері