Сыйға да бал – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Сыйға да бал» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1027
«Сыйға да бал, сыраға – бал, балға – бал...
Сені еске алсам, тәтті ойлардан бал тамар.
Бал арадай байыз тапқан гүлзарда
Құштар көңіл құшағыңда жай табар».
Деген сәлем жолдап едім кептерден,
Жыртып алып жарты парақ дәптерден
Дегем және сәлемімді айта бар,
Қайта-қайта қайталап «айта бар, айта бар!»...
Сыйға да бал, сыраға – бал, балға – бал...
Не берсең де өзің таңда, таңдап ал,
У ұсынсаң – уға да бал, бал, бал, бал
Дегем, өшкен жалғанар, жалғанар...
Жүз кеселдің бірі – у, оның да емі балда бар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері