Өмір жыры – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Өмір жыры» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 935
Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...
Түлегенде табиғат бүршік жарып – жай табам.
Ана болып әлемге бесік жырын айта алам.
Көктемеген бұтаға нәр сұраймын өзектен,
Табиғатты тұл етпе, О, Жаратқан, көмек бер!
Топырақтан тарап нәр, тамыр қуат алады.
Өзегіне әл кіріп, бұта бүршік жарады...
Гүл қауызы күлтелі Жер Анаға сеуіп дән -
Тіршілік тұр бұлтартпай табиғатқа жазып заң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері