Күн жыры – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Күн жыры» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 704
Күз түскелі күліп тұр ем,
Бүгін сықтым көз жасын,
Бұлт шатырын керіп тастап,
Алатауға қонғасын...
Бейбіт аспан көкжиектің
Көмкереді көбесін,
Жер тандыры кеуіп қалған,
Шытынап тұр демесін.
Қырау келер қытымырлау,
Демі үскіріп жер бетін,
Жасартсын деп бүркіп өтем
Ақ жаңбырым келбетін.
Қара жер деп - табан асты
Жер ананы сөкпеңдер!
Күн - шұғыла, жаңбыр - нәр боп
Құлпыртады көктем кеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері