Бір жақсыға – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Бір жақсыға» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Жақсыдан тиер шарапат,
Жаманнан келер кесапат,
Жау көрсең мені аяма,
Кесек ат, көздеп кесек ат!
Жақсы деп сені жағалап,
Жақұтқа балап, бағалап
Ілтипатыңнан аса алмай,
Жаныңда жүрмін сағалап!
Құмға айналған жігерді,
Қыш етіп қалап, жанисың,
Байқаймын, сірә, менің де
Жаман емесімді танисың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері